5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күнді Шымкент қаласының тұрғындары Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта атап өтті.
«Шымшаһар — еліміздегі ең жасыл қала. Қаланы көгалдандыру мақсатында әр жыл сайын 100 000 түп ағаш, 2 000 000-нан астам гүл егіледі. Одан бөлек, қала аумағында 11 саябақ бар». Мерекелік шараға көңілді күйде келген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осылай деді. Ал өзінің көңіл-күйіне табиғаттың қалай әсер ететінін Ғабидолла мырза былайша баяндады.
“Қалаға келетін қонақтарымыздың да, біздер яғни, қала тұрғындарының да көктемнен бері көктеп, қалаға көрік беріп тұрған гүлдерді көріп, көңіліміз көтеріледі. Өте көңілді болып жүреміз. Ал көңіл деген — ең басты нәрсе. Көңіл күй көтеріңкі болса, басқаның бәрі бола береді. Сондықтан гүлге, ағашқа, қоршаған ортаға әрқашан ерекше назар аударуымыз қажет” деді қалабасы.
Меруерт Ахан