Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында ақжолтай хабарымен бөлісті. Қала күні қарсаңында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев үшінші мегаполис тұрғындарына арнайы құттықтау хат жолдапты.

— Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Сіздерді Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуына 1 жыл толуымен құттықтаймын. Еліміздің оңтүстік өңіріндегі көпғасырлық тарихы, миллионнан астам тұрғыны бар, адамдардың өмір сүруіне қолайлы әрі жасыл желегі мол бұл қала барша қазақстандықтардың жүрегіне жақын әрі ерекше ыстық. Қала қонақтары арасында Шымкент тұрғындарының ашық-жарқындығы, қонақжайлылығы мен еңбексүйгіштігі жөнінде өте жылы пікір қалыптасқан. Мұның өзі қалаға инвестиция тарту мен туризмді дамыту келешегінің кемел екендігін көрсетеді…

Баршаңызға зор денсаулық пен бақыт, жарқын болашақ тілеймін» деп аяқтаған құттықтау хатын Елбасы.