Елорда күніне арналған шаралар саны 3 есе қысқарды

175
фото Sputniknews.kz.

Биыл Елорда күні мерекесі жылдағыдан бәсең тойланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимовтың айтуынша, шаралардың санымен қатар шығыны да қысқарған.

«Елорда күнін мерекелеу аясында 100-ге жуық шара өтеді. Оның 73-і халық үшін — тегін. Биыл ресейлік және отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін Open Air, ашық аспандағы гала-концерт, халықтық  серуен сияқты шығыны көп шаралардың бюджеті қысқартылады», — деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.  Оның айтуынша, мерекелік іс-шаралардың көбі қаланың шеткері аумағындағы тұрғын алқаптарында ұйымдастырылмақ.

«Биыл іс-шаралардың негізгі бөлігі қаланың шеткі аудандарындағы 8 тұрғын алқабы мен саябақтарда, скверлер мен бульварларда, Есіл өзенінің жағалауында өтеді. Бұл қаланың орталық бөлігін жаппай шоғырланудан арылтып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді ол.