Мұғалімді балағаттағандарға 252 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

262
фото Sputniknews.kz.

Мұғалімді балағаттағандар 252 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін Оқушы мұғалімнің ар-намысына нұқсан келтірсе, ата-анасы 252 мың 500 теңге айыппұл төлеуі мүмкін.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске осындай өзгеріс енгізілмек. Заң жобасы айдың аяғына дейін «Ашық үкіметтік емес ұйымдар» сайтында қоғамдық талқыға ұсынылған, деп хабарлайды КТК.

Жаңа заң жобасы бойынша, мұғалімнің кәсіби жұмысына негізсіз араласатындар немесе кедергі келтіретіндер 7.275 теңге айыппұл төлейді. Оқу-тәрбие жұмыстарына қажетті құрал-жабдық алуды педагогтің мойнына артып қоятындарға да осындай жаза қарастырылған.

Ал өз міндетіне қатысы жоқ жұмысқа жегетіндер 25 250 теңге айыппұл арқалайды. Ең үлкен әкімшілік жаза оқушыларға келіп тұр. Кәмелетке толмаған бала мұғалімнің ар-намысын тисе, 252 мың 500 теңге айыппұл ата-анасына немесе олардың орнын алмастырған кісілерге салынады.