Ертең Арыс қаласына тұрғындар тасымалданатын болады

269

Шымкенттегі Ақмешіттен басталған дүрбелең әлі басылған жоқ. Темірлан тас жолы бойымен жүріп өткен арыстықтар Бейбітшілік даңғылының бойындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратының алдына жиналды. Тәртіп сақшылары ғимараттың кіреберіс есігін күзетіп тұр. Арыстықтардың талабы сол: жарылыстан зардап шеккен қалаға қайтқылары жоқ.

Оқиға орнында жүрген тілшіміз Шәкір Умаровтың айтуы бойынша, наразылық білдірушілер арасында алкогольдік ішімдік ішкендер жоқ. Халықты соңына ертіп, бастап жүрген көшбасшы да жоқ.

Республика және Бауыржан Момышұлы көшелерімен Тәуке хан даңғылы бойына қарай жылжып барады. Қазір мұнда көлік кептелісі орын алды. Тәртіп сақшылары бақылап тұр. Наразы топ дәл қазіргі уақытта Әл Фараби алаңын бетке алды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Арыс қаласының эвакуацияланған тұрғындарына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Ертең қала ашық болады, автобустар таңертең алтыдан бастап тұрғындарды тасымалдайтын болады», — деді.