Жуырда, деструктивтік діни ағымның ұстанушысы есірткі сатып, заңды белшесінен басқаны үшін Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлескен іс-шара аясында ұсталған болатын.

Жедел әрекет еткен полицейлер 50 жастағы азаматтың үйін тексеру барысында теріс діни ағымды насихаттайтын әдебиеттерді, марихуанаға ұқсас есірткі заттарын тәркіледі. Осы процестен кейін жинақталған барлық айғақты заттар мен материалдар, нақты шешім шығарылып, заң бұзған адамды жазалау үшін сотқа жолданды. Осылайша, жақын күндері соттың шешімі де белгілі болды.

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының шешіміне сәйкес, «Сәлафи» бағыты бойынша деструктивтік діни ағымының ұстанушысы «марихуана» есірткі затын заңсыз сатқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаншама адамның өмірін улап, есірткіні сатқаны үшін, дінді теріс мақсатта қолданып, заңды таптағаны үшін заң жүзінде жазаланды. Тәртіп сақшыларының айтуы бойынша: заңды ескермей, ҚР азаматының өміріне қауіп төндірген, қылмыстық іс әрекеттерді т.б жасаған азаматтар міндетті түрде жазаланады. Заң бұзғандар жазасыз қалмайды. Әрбір адам өзінің істеген ісіне жауапты болуы керек, дейді. Сондықтан тура жолдан адаспай, дұрыс жолды таңдай білейік. Заң-ол бәрімізге ортақ. Заң мемлекеттің құрдымға кетуіне емес, өркендеп өсуі үшін қызмет атқарады.

Арам пиғылдылардың тұзағына түсіп, темір торға қарай жол салғанша, жарқын болашаққа қарай бір аяқты болса да тура жолымызды түзе білейік. Есірткіге еліктемей, мұраты мен мақсаты айқын, салауатты өмір салтын ұстанған болашағы жарқын қазақстандық ретінде өмірімізді мәнді етейік.