Арыс аудандық соты инкассаторға қатысты бұлтартпау шарасын белгіледі. Күдікті екі айға қамауға алынды.

38 жастағы көп балалы әке 2007 жылдан бастап «Қазпошта» мекемесінде жұмыс істеген. Ол бұл әрекетке несиесін жабу үшін барғанын айтып отыр. Күдікті оқиға орын алған кезде еңбек демалысында болған.

Тергеу кезінде оның әріптестерінің ақша алып кетіп бара жатқанынан алдын-ала хабардар болып отырғаны белгілі болған. Қазір Түркістан облыстық полиция департаменті осы іске қатысты тергеу шараларын жалғастырып жатыр.

Мақпал Рысбаева