IZUMY шетелге жолдама береді

445

«IZUMY» сауда желісі шетелге жазғы демалысқа жолдама ойнатпақ. Шымкенттегі ірі киім-кешек және аяқ-киім дүкені ұйымдастырған акцияда жүздеген бағалы сыйлықтар ұсынылған. Ұтыс ойынына қатысушылар «IZUMY TAU» тау аясындағы қонақ үйге сертификат пен Түркияға екі адамға жолдама ала алады.

«IZUMY» сауда үйінің маңына жиналғандар санында есеп жоқ. Барлығы да сауда дүкені ұйымдастырған акцияға қатысып, бағалы сыйлықтар алғысы келеді. Басты жүлде – шетелге екі адамға жолдама.

Надежда Гаврилина, «IZUMY» СҮ-нің әкімшісі: «Изуми күншығыс елдеріне ұтыс ойнатып жатыр. Ай сайын: маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында 70 мың теңгеге тауар сатып алыңыз да, ұтыс ойынына қатысыңыз! Ал біз сізге керемет жазғы демалыс сыйлаймыз».

Акцияға қатысушылар жүздеген жүлделі сыйлықтарға ие болды. Бағалы тартулар «IZUMY» дүкенінің әр тұтынушысына бұйырды.

Ілияс Қалиев, қала тұрғыны: «Мен мұнда досымның орнына келдім. Ол қазір Алматыда. Ол тіпті чемодан жеңіп алғанын білмейді. Бүгін мен оны қуантамын!».

Рано Алтынбекова, «IZUMY TAU» тау қонақ үйіне сертификат иегері: «Менің ұлым үйленіп, үйде құдалық болып, көп заттар сатып алып едім. Міне енді, жеңімпаз атанып отырмын. Рақмет саған, Изуми!».

Осылайша, көптен күткен жеңімпаз да белгілі болды. Шымкент қаласының тұрғыны Лаура Имашеваға Кемер қаласына екі адамға жолдама бұйырды. Түркияда 10 күндік тегін демалысты жеңіп алған келіншектің қуанышында шек жоқ.

Лаура Имашева «IZUMY» компаниясынан акция жеңімпазы: «Мен ұлымның тойына деп костюм мен туфли сатып алып едім. Купон берді. Соның арқасында осындай сыйлыққа ие боламын деп күтпедім. Өте қуаныштымын! Сөз жоқ. Рахмет Изуми!».

Шетелге жолдама ұтып алғыңыз келсе, қазірден әрекет етіңіз! Ол үшін бар болғаны 70 мың теңгеге тауар сатып алсаңыз жеткілікті. Бүгінде «IZUMY» дүкенінде киім, аяқ киім және аксессуарлар үлкен жазғы жеңілдіктермен сатылымда. IZUMY»-ден киініңіз, «IZUMY»-мен бірге демалыңыз!