Келес ауданының Біртілек ауылдық округі Дмитрев елді мекенінде орналасқан «БАЕс-құрылыс» ЖШС -і бүгінгі таңда Келес ауданындағы ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады.

Бірнеше кәсіптік кешенді қамтыған жобаны аудандағы жас кәсіпкерлердің бірі Бақдәулет Есенқұлов басшылық жасайды. Кәсіпорынның негізінен – кеспе тас, темірбетон, пластик, жиҺаз, күйдірілген кірпіш, темір бұйымдар, профиль, профнастил өнімдерін шығарады.

Құрылыс нысандарына қажетті өнімдерді өндіретін кәсіптік кешеннің тауарларының басым көпшілігін облыстағы ірі кәсіпорындар қолданады. Әрі тапсырыс та көп. Жобаның жалпы құны — 150 млн. теңгені құрайды. Өз қаржысы есебінен қаржыландырылған кәсіпорын жалпы 3,4 га аумақта орналасқан. Кәсіпорынның құрылысы 2008 жылы басталып, 2018 жылы іске қосылды.

Бүгінгі таңда аталған кәсіпорында 45 адам қызмет етуде. Кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта жұмыс ауқымы артуына байланысты аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.