Түркістандықтар табиғи газбен алдағы 3 жылда толық қамтылады деп сендіруде қала әкімдігіндегілер. Облыс орталығының орталығы статусын алғанына бір жыл толған шаһарда табиғи газ тек негізгі көшелерге тартылған болатын.
Автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы аяқталғанымен тұрғындардың жүйеге қосылуында күрделіктер болғаны үкіметке де жеткен болатын. Көгілдір отынды тұтынатын түркістандықтардың саны екі жылда 50 пайызға да жетпеген еді. Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспары бойынша қалалықтар 2021 жылдың соңына дейін газдандырылады.
Жандос Байырханов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары: “Шағынаудандарды табиғи отынмен қамтуды 58 пайызға жеткізіп, қаланың іргесіндегі елдімекендер алдағы 3 жылда толық табиғи газбен қамтылады”.
Шынар Оразова