«Резидент парк» – нағыз жұмақ мекен

317

Элиталық үйлер. Сәулеті келіскен зәулім үйде өмір сүргісі келетін шымкеттіктер үшін жағымды жаңалық. Шымшаһарда «Резидент парк» элиталы қалашығы бой көтерді. Заманауи таунхаустардың таныстырылымын жергілікті бизнесмен Қайрат Молдасейітов жасады.

Қайрат Молдасейітов, кәсіпкер: «Мұнда тек қалталыларға ғана арналған үйлер емес. Барлық жағдайы жасалған. Электр қуаты да, ғаламтор желілері де жер астынан жүргізілген. Шымкент – бұл өмір сүретін жер, біз барлық қалаларды басып озатын боламыз».

Айта кетейік, бұл элиталы қалашықтағы тұрғын үйлерде жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Қос қабатты баспаналардың орташы құны 200 мың АҚШ долларына бағаланып отыр.