Сайлау күні қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады

153

9 маусым яғни, сайлау күні шымкенттік тұрғындар қоғамдық көліктерде тегін қатынайтын болады. Бұл жайында бүгін Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді.

Қаланың көлік қауымдастығы 9 маусым күні өтетін ҚР Президентін кезектен тыс сайлауына қатысатын дауыс берушілердің жүріп тұруына жағдай жасау үшін осындай шешім қабылдаған.

Қоғамдық көліктер сайлау күні таңғы сағат 7:00 — ден кешкі 21:00 — ге дейін барлық автобус қызметі үшін ақы сұрамайды. Айта кетейік Шымкент тарихында жолаушы тасымалдайтын компаниялардың тұрғындарды жаппай тегін тасымалдауы алғаш рет.

Нұрлан Күдерұлы