Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шұғыл түрде Арыс қаласына аттанды. Алдағы уақытта «Отырар» телеарнасының тілшілері оқиға орнынан хабарлайтын болады.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Арыс қаласында әскери бөлім аумағында жарылыс орын алды. Әлеуметтік желілер жарылыс туралы бейнелерге толып кетті. Арыстықтардың айтуынша, жарылыстар әлі де жалғасуда.
Арыс қаласының тұрғындары қауіпсіз аймаққа қашу қамымен жүр. Арыс-Шымкент трассасы көлік нөпіріне толған.