Шетелдік нөмір таққан автокөліктерді тіркеу міндетті

235
Автокөліктер

Шетелдік нөмір таққан көлік жүргізушілеріне темір тұлпарын тіркеу міндеттелді. Бұл шара құқық қорғау органдарына заң талаптарын бұзғаны үшін, айыппұл салуға мүмкіндік береді. Мәжіліс депутаты Павел Казанцевтің айтуынша, евразиялық экономикалық одақтың автокөліктері бізде өте көп.

Ел азаматтары оны меншіктеп, бірақ өзінің атына аудармай, шетелдік нөмірлермен әлі жүр. Бұл оларды жол ережелерін есіре бұзуға және тиісті айыппұлдардан жалтаруына жағдай жасайды. Сондай-ақ, ол бұл мәселенің бүгінге дейін шешілмей келуін  Қылмыстық Кодекс және әкімшілік құқықбұзушушылықтағы бірқатар толықтырулармен байланыстырды. Бұдан бөлек, отандық нөмірмен жүрген көлік иелерінің құжаттарын жіті қадағалауды да тапсырды.

 Мөлдір Бекеева