Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов бүгін А.Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысын көріп, сапасын қадағалау кезінде бірқатар заңсыздықтарды анықтады.
Нақтырақ айтқанда, жекеменшік Шымкент экономикалық колледжі көше бойындағы жасыл ағаштарды еш рұқсатсыз кесіп тастаған. Басты себебін білім ошағының басшылығы «ағаштардан жалға алып отырған стадион көрінбей қалады» деп түсіндірген.
Шымқаладағы орталық көшелердің бірі А.Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының мақсаты ең көрікті көшеге айналдыру.
«Алайда жеке мүддені қоғамдық мүддеден жоғары қойып, заңсыздыққа жол берген Шымкент экономикалық колледжінің басшылығын заң аясында жауапкершілікке тарту туралы тапсырма бердім. Қаланың көркін бұзатын, тұрғындарға қолайсыздық туғызатын осындай келеңсіз іс әрекеттер қатаң жазаланатын болады,»- деп жазды қала басшысы өзінің Инстаграмм парақшасында.