Байырғы Шымкент пен бүгінгі жаңа қаланы мүлдем салыстыруға келмейді. Түрленген. Түлеген. Көркейген. Дамудың даңғыл жолына түскен шырайлы Шымкенттің мақтан тұтар тұстары көп. Миллиондар мекенінің бұрынғысы мен бүгінгісі қандай?

Өткен жылы үшінші мегаполистің аумағы 117 мың гектарға дейін кеңейіп, кейбір ірі қалалардың жер көлемінен де асып кетті. Миллионды мегаполисте халық саны да артып келеді. Бұл тұрғыда Шымкент жұртшылығының ел демографиясына қосып жатқанын сүбелі еңбегін атап кетпесек, әсте болмас. Қазақтың қаймағы бұзылмаған шаһар ұлтымыз үшін жұмақ мекенге айналған.

Қала тұрғындары «Америка керемет қой, ал біз үшін Шымкент Америкадан да керемет» дейді.

Шымкент – елімізде көшелерінің ұзындығы бойынша абсолюттік рекорд орнатқан қала. Бүгінде қалада 2000-ға жуық көше бар. Жасыл желекке оранған көшелердің көркіне көз тоймастай. Қалаішілік жолдардың жалпы ұзындығы 2100 шақырымды құрайды. Соңғы жылдары қалалықтардың сүйікті мекені болған екі Арбат пайдалануға берілді.

Үшінші мегаполис мәртебесін иеленген Шымқала күннен күнге көркейіп келеді. Көз тартатын көрікті жерлері көп. Шымкенттің әлем мегаполистерін басып озатынындай әлеуеті де жетерлік …

Гүлжан Көшерова