«Қыстың қамын жаз ойла!». Шымкентте әлемдік брендтегі шина орталығы ашылды. Темір тұлпар тізгіндегендер бұл дүкеннің ашылуын асыға күткен. Жаңа орталықтың өзгелерден ерекшелігі неде?

Файзулла Абзал «Пирелли» шина орталығының ашылуына алғашқылардың бірі болып келді. Темір тұлпарына дөңгелек алуды ойластырып жүрген Абзал, арнайы жеңілдікке тап болды. Арзан бағаға жаңа доңғалақ алған жігіт үнемделген ақшасына келіншегін де қуантпақ.

Абзал Файзулла, қала тұрғыны: «Өзімнің көлігіме жақсы итальяндық дөңгелектер сатып алдым. Бағалары өте жақсы, 1 жылдық кепілдігімен. 15 проценттік жеңілдікпен сатып алдым, енді бір айдан кейін ұтыс ойынына қатысамын. Үнемделген ақшаға әйеліме гүл әперемін».

Айта кетейік, «Пирелли перфоманс» орталығы Лос-Анжелес, Қазан қалаларынан кейін елімізде әзірге тек Шымкентте ашылды. Жеңіл және жүк көліктеріне арналған қысқы, жазғы сан алуан доңғалақтар мен дискілерді осы жерден алуға болады. Шетелде арнайы оқудан өткен жұмысшылары сапалы қызмет көрсетеді. Шина орталығының үшінші мегаполисте ашылуы бекер емес.

Владислав Голоухов, «Кама-Қазақстан» ЖШС-нің директоры: «Шымкент күн санап өркендеп келе жатқан қала. Жоғарғы санаттағы автокөліктері өте көп. Соған байланысты біз осы қаланы таңдадық. Серіктесіміз «Кама Қазақстан» компаниясына үлкен алғыс айтамыз. Сондай-ақ, біз арнайы акцияларды жиі ұйымдастырамыз».

«Пирелли» шиналары 19-шы ғасырдан шығарыла бастаған. Ғасырдан асқан тарихы бар компания «Формула-1» бәйгесінің 2023 жылға дейінгі серіктесі болып табылады. Орталық осы жерден сатып алған шиналарға кепілдік аясында жыл бойы техникалық қызмет көрсетіледі. Яғни, тесіліп қалса, тегін жаматып ала аласыз. Үйге сыймаған доңғалақты осында сақтауға беруге де болады. Дөңгелектерді жөндеу, сақтау орталығын Мәделі Қожа көшесінің бойынан таба аласыз.