Жаңа банктік қызмет көрсету орталығының (БҚКО) құрылуы Шымкент қ. жеке, әрі заңды тұлғалардың тарапынан қаржылық қызметтерге деген сұраныстың артуына байланысты. Қазірдің өзінді Шымкенттегі АТФБанк жалақы жобалары аясында 897 ұйымға қызмет көрсетіп отыр.

Шымкенттіктер арасында пластикалық карта ұстаушылардың саны 86 мың адамнан асады. Қала бойынша қолма-қол емес пластикалық карталармен төлем жасауды қамтамасыз ету үшін АТФБанктің электронды құрал-жабдықтары 220 сауда және қызмет орындарында орнатылған. Жеке тұлғаларға 30 банкомат пен терминалдар қызмет етуде, олардың 16-сы тәуліктік тәртіпте қолжетімді.

Шымкентте АТФБанктің жаңа аймақтық бөлімшесі іске қосылды

Банк саясатында ШОБ – басымдық берілетін бағыт, сондықтан Банк жергілікті деңгейде де қазірдің өзінде шағын және орта бизнестің 6 252 субъектілерімен серіктестік орнатқан. Өз бизнесіне несиелік қолдау іздеп, банкке жүгінуді енді жоспарлап отырған кәсіпкерлер АТФБанкте өздері берген өтінімнің тез арада қарастырылатынын күтсе болады. LANDAU қаржылық мәліметтерді автоматты түрде талдау жүйесін енгізгеннің арқасында АТФБанктің барлық филиалдарында өтінімдерді қарастыру мерзімі үш күннен аспайды.

«Жаңа бөлімше АТФБанктің біздің қаламыздағы үшінші өкілдігі саналады. Оның ашылуы банктің басқа бөлімшелеріндегі жүктемені азайтуға көмектеседі, ал бұл біздің клиенттерімізге көрсетілетін қызмет деңгейі мен ыңғайлылықты арттыраны сөзсіз. Өткен жылы біздің филиал жалпы алғанда 64 мың кассалық операцияны жүргізген екен. Біздің болжауымызша, жарты жыл ішінде шымкент филиалы көрсететін қызметтердің жалпы көлемінің 15-20% осында, біздің жаңа бөлімшемізде орындалатын болады, — деп түсіндірді Шымкент қ. АТФБанк филиалының директоры Қалымбетов Бақытжан. – Шымкентке мегаполис мәртебесі берілген соң желіні кеңейту – өсіп келе жатқан қаланың қажеттіліктері мен клиенттеріміздің үмітіне қарай жасалған міндетті қадам болды. Ал, енді біз клиенттерімізге жақындау үшін «банкирлер көшесіне» келдік».

Шымкентте АТФБанктің жаңа аймақтық бөлімшесі іске қосылды

Жаңа кеңседе Банк клиенттеріне қызметтердің толық кешені қолжетімді болады: депозиттер, несиелер, ақшалай аударымдар, кассалық операциялар, жалақы жобалары, валюта айырбастау, ақшаны шешіп алу және шотты толықтыру үшін тәулік бойы қызмет ететін терминал және т.б.

Жаңа бөлімше – Шымкент қ. филиалының № 2 банктік қызмет көрсету орталығы – мына мекен-жайда орналасқан: Абай ауданы, Темірлан тас жолы, ғимарат 3/6.

Шымкентте АТФБанктің жаңа аймақтық бөлімшесі іске қосылды

Бөлімшенің жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 19:00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күндері 10:00-ден 15:00-ге дейін. Жексенбі – демалыс.