Шымкентте Темірлан тас жолы бойында орналасқан аялдаманың шатырынан өрт шықты. Сағат 22:32-де шұғыл кезекшілердің басқару пультіне Темірлан тас жолы бойында өрт туралы хабарлама келіп түскен.
«Тойота Орталығы» автосалонына қарама-қарсы тұрған аялдамада көлемі 2 шаршы метр пластик шатыры жанған. Сондай-ақ, көлемі 5 шаршы метр темір дүңгіршектің ішінде оттың салдарынан 3 тоназытқыш, темір есік, 1 ағаш үстел жарамсыз болып қалған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 22:42-де оқшауланып, сағат 22:56-да толық сөндірілді. Оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 14 адам, 3 техника, Медицина апаттар орталығы мен Полиция департаментінің қызметкерлері жұмыс атқарған.
Жанар Есенбекова