Шымкентте екі автокөлік жолды бөлісе алмай, апатқа ұшырады. Жол апаты 31 мамырда түн ортасында Тауке Хан даңғылында болған. Куәгерлердің айтуынша, Opel және VAZ-21014 автокөліктері бір бағытта кетіп бара жатқан.

Opel жеңіл көлігі солға бұрылуға тырысқан. Осындай күрделі маневрді күтпеген ВАЗ жүргізушісі сасып қалып, жол апатынан қашып құтыла алмады. Ауыр соққыдан 14 маркалы автокөлік қарсы жолға шығып кетіп, бетон қоршауына соғылды.

Жәбірленушілер мен жарақат алғандар жоқ. Дегенмен көліктер елеулі материалдық шығынға ұшырады.

Шәкір Омаров