Шымкентте жеке клиниканың бұрынғы хирургы сотты болды. Әл Фараби аудандық сотының үкімімен екі жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Медициналық клиниканың бұрынғы дәрігер — хирургы өзінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау салдарынан абайсызда жәбірленуші Е. бақилық болған.
Сот талқылауы кезінде сотталушы дәрігер кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші марқұмның туыстарынан кешірім сұрап, өз ісіне өкінетіндігін айтты. Сондай ақ моральдық шығынды өтегендігін жеткізген.
Сот тыңдауы барысында жәбірленушінің өкілі дәрігерге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұраған.
Сот үкімімен сотталушы дәрігер 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай- ақ, медицина саласында қызмет атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының негізінде бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жанар Есенбекова