Шымкентте «Парасаттылық мектебі» жұмысын бастады

427

 10-13 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы базасында жоғары оқу орындарының және колледж студенттері Парасаттылық мектебінде оқудан өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының барлық филиалдарының қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде парасаттылық мектептері өз жұмысын ресми түрде бастады. Парасаттылық мектебінің ашылу рәсіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы М. Қарымсақов және филиал директоры А.Есенгельдина қатысты.

Парасаттылық мектебіне қатысу үшін Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының 20-дан астам студенттері іріктеліп, тегін оқытылатын болады.

Парасаттылық мектебінің қатысушылары сыбайлас жемқорлық феномені және онымен байланысты ұғымдар туралы теориялық білім алады, алған білімдерін тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен командалық жобаларды әзірлеу кезінде қолданады, сондай-ақ өзінің шығармашылық және сыни құзыреттіліктерін дамыту мүмкіндігіне ие болады.

Оқытуды жоғары білікті сарапшылар мен тәжірибелі тренерлер өткізеді.