Қаламызда 1 жыл бұрын бой көтерген заманауи тұрақтар қайта қалпына келтірілгелі жатыр. Ол үшін бюджеттен тағы қаржы сұралды. Айта кетейік, еліміздегі өзге мегаполистерден үлгі алған жерлестеріміз шыны аялдаманың әрқайсысын 800 мың теңгеден соққан болатын.
Бұған дейін тек Астана мен Алматыда орнатылған бұл аялдамалар осыдан екі жыл бұрын Шымкентте де пайда бола бастады. Бірақ біздегі автобус күтетін орындардың бүгінгі сиқы мынау. Бар жоғы үш бөлік шыныдан қойылған аялдамалар шытынап сынып жатыр.
Айта кетейік, қала бойынша барлығы 1800 аялдама бар. Олардың 93 -і шыныдан жасалған. Әрқайсысы 800 мың теңгеден тұратын аялдамаға барлығы 1 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген болатын. Енді оларды қалпына келтіру үшін қайтадан 25 млн. теңге сұралып отыр.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша барлығы 3 түрлі аялдама орнатылған. Заманауи аялдамалар тек қала орталығында қондырылса, темірден жасалғандары шаһардың сыртқы бөлігінде. Солардың бірі жақында ғана қызыл жалынға оранған болатын.
Назерке Үкібасова