Шымкенттік дәрігерлер айықпас дертке шалдыққан балаларға арнайы кеш ұйымдастырды

222

Шымкент қаласындағы медициналық ұйым басшылары кішкентай пациенттер үшін жаппай мерекелік кештер өткізуде!

Бұл күні ақ халатты абзал жандар айықпас дертке шалдыққан балаларға қуаныш сыйлады. Мерекелік кеште денсаулық сақтау басқармасы бастаған бір топ дәрігерлер медициналық ұйымдарда емделіп жатқан балаларды арнайы іздеп барып, сыйлықтар үлестіріп берді. Сондай-ақ түрлі ертегі кейіпкерлері балаларға арнап қойылым көрсетті.

Айықпас дертке шалдыққан балаларды қуантқысы келген дәрігерлер олардың көңілін бір сәт аулап, жүздеріне қуаныш сыйлағысы келді.

Мереке күні Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің қатысуымен мамандандырылған бөбектер үйінде шілдехана тойы өтті. Ата анасының қарауынсыз қалған балғындардың тұсау кесер тойы думандата тойланып, басқарма басшысы балғындардың тұсауын кесіп берді.

№2 және Мейірім балаларды оңалту орталықтарында емделіп жатқан балғындарда мерекелік кештен қалыс қалмады. Балаларды құттықтап барған медицина мамандары сыйлықтар таратып берді. Балғындар қуанышын бөлісіп келген ел ағаларына арнап концерттік бағдарлама қойып, өз өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ қаладағы Ана мен баланы емдеу орталығына барған №4 қалалық емханасының бас дәрігері Рамазан Бектұрғанов, №7 қалалық емхананың бас дәрігері Айжан Қожанқызы және Орынбаев атындағы жеке клиникасының директоры Дилфуза Розиқұлқызы , заласыздандыру орталығының директоры Мухиддин Сейітханов ВИЧ-ке шалдыққан балаларды мерекесімен құттықтап, сыйлықтар үлестіріп берді.