Шымкенттіктер қабылдау бекеттеріндегі туыстарын үйлеріне алып кетіп жатыр

139
№8-ші қабылдау бекетінде

Шымкент қаласындағы №50-ші мектепте орналасқан 8-ші эвакуациялық қабылдау бекетіне Арыстан қалаға келіп туыстарын паналағандар тіркеле бастады.

Оларға қажетті азық- түлік те берілді. Төтенше жағдай орын алған аймақта болған азаматтарға медбикелер көмек көрсетіп жүр. Басым бөлігі қан қысымының көтерілуіне шағымданған. Кейбірінің осында екенін естіген шымкенттіктер  туыстарын үйлеріне алып кетуде.

Гүлжахан Жақыпова, №8-ші қабылдау бекеті басшысының орынбасары

Гүлжахан Жақыпова, Шымкент қаласындағы №8 қабылдау бекеті басшысының орынбасары: «Кеше қабылдау бекетінде 2 620 адам тіркелген болатын. Олардың 971-і ересектер, 294-і балалар. Қазір бізде 147 адам бар. 65 адам бүгін келді.  Туыстарының үйіне кетіп жатқандар да бар».

Шынар Оразова