Бүгін Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толды. Жаңа атауға ие болған өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары жақында Үкіметте қайта қаралып, бекітілді.
Былтыр жылдың соңында кешенді жоспарды жүзеге асыруға 890 млрд. теңге қарастырылған болса, жұмыс барысында көптеген мәселелер қамтылмағаны анықталып кешенді жоспарға өзгерістер енгізілді.
Шығыстар көлемі 346 млрд. теңгеге ұлғайып, нәтижесінде Түркістан облысына бөлінетін қаржы 1,2 трлн. теңгені құрады. Жоспарға сәйкес, алдағы бес жылда ауыл шаруашылығы, құрылыс, өндіріс, әлеуметтік салаларында ауқымды жұмыстар атқарылады.
Шынар Оразова