Түркістан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері толық құрамда 9 маусым күнгі  Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Түркістан қаласы, Сатыбалды көшесі №50/а үйдегі орналасқан № 884 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сондай-ақ, қала, аудандардың Әділет басқармалары мен аумақтық сот орындаушылары бөлімдерінің барлық қызметкерлері отбасы мүшелерімен бекітілген сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді.

Тәуелсіз қазақ елінің жарқын болашағы үшін әрбір қызметкер өз таңдауын жасап, үлес қосып қайтты.

Жанар Есенбекова