Таңғы сағат 6:00-дан бастап қалалық әкімдіктің басшылары мен жауапты мамандары Арыс тұрғындарын арнайы көліктерге жайғастыра бастады.
Айта кетсек, Төтенше жағдайға байланысты Түркістан қаласында дайындалған 6 эвакуациялық пункттің үшеуінде (С.Ерубаев мктеп-интернаты, ХҚТУ жатақханасы, көмекші мектеп интернаты) 300-ден астам Арыс қаласының азаматтары жайғастырылған болатын.
Түркістандықтардың көрсеткен көмегі мен қолдауына ризашылығын білдерген арыстықтар өз үйлеріне қайтуға дайын. Түркістан қаласы әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы тобы Арыстық ағайындарды өз үйлеріне жайғастырып, белгіленген тұрғын үйлердің жағдайын анықтап, жұмыс жасауға толық дайын.