Түркістандықтардың сайлаудағы белсенділігі қандай?

Түркістан облысыныңдағы сайлау учаскелері

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша,  сағат 11-00 ге  өңірдегі сайлаушылардың 30%-ға жуығы дауыс беріп үлгерді.

Сайлау -2019Облыста  2 ұзақ мерзімдік және  43 қысқа мерзімдік шетелдік байқаушы тіркелген.  Олар  таңертеңнен  бері,  облыс орталығы мен  қала-аудандарындағы сайлау учаскелерін аралып, сайлау барысын бақылап жүр.

Түркістан қаласы бойынша,  49 аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істеуде.  Киелі шаһардан бүгінгі саяси  науқанға 107 мыңнан астам сайлаушы қатысып, өз таңдауын жасайды деп күтілуде.

Жастар өз таңдауын жасаудаҚ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік  университетінің мәдениет үйінде, №133 сайлау учаскесінде  дауыс беруге құқы бар 2 376 сайлаушы тіркелген. Соның 2 112-і — университтеттің жатақханасында тұратын студент жастар.

Шынар Оразова