Бүгін Арыс қаласының тұрғындары өз үйлеріне қайтуда. Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Арыстағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге көмек қолын созуда.

Яғни, арыстықтарды аман – есен үйіне оралуына жағдайын жасап, шығарып салуға көмектесуде. Шымкент қаласында орналасқан барлық эвакуациялық бекетте шымкенттік полицейлер жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде.