Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мамандары шілде айынан бастап қаладағы коммерциялық нысандар, өндіріс орындарын тексеруді бастайды.

Төтеншеліктер шілде айынан бастап жанар жағар май бекеттерін тексереді
Төтеншеліктер тексеруді бастамақ

Жоспарға сәйкес шара барысында өртке қарсы қауіпсіздік шараларының сақталуы басты назарда болады. Тілсіз жауды ауыздықтауға тиісті құрал жабдықтар мен өртті сөндіруге қажетті судың көлемі де ескеріледі.

Темірлан тас жолы бойындағы үш бірдей жанаржағармай бекетінің ортасында тұратын 3-ші шағынауданның тұрғындары тексермеске болмас, жанымызды шүберекке түйіп жүреміз, Тассайдағы жарылысты естігенде тіпті ұйқымыз қашты дейді.

Алуа Ахметова, түрғын: «Жанаржағармай  бекеттерінің алшақтау жерде  болғаны дұрыс қой. Қорқынышты. Осыған мән берсе екен».

Естеріңізге сала кетейік , маусымның 7-не Тассай шағынауданындағы газ сақтау цистернасы отқа оранып, өрттен 40 тонналық ыдыс жарылған болатын. Нәтижесінде бөшке бөлшектері бірнеше шақырымға дейін шашыраған. Қатты күйіп қалған газ құю бекетінің қызметкері ауруханада көз жұмған еді.

Нұрболат Педен, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы: «Автозаправкаларды» тексереміз. Қауіпсіздік шараларын сақтап жатыр ма жоқ па? Және жыл бойы   қауіпсіздік ережелерін сақтау   жөнінде  түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп тұрамыз».

Ол жағдайда тұрғын алабы жарылыстан ұзақтау болды. Бұл оқиғадан жергілікті билік сабақ алар дейді тұрғылықты халық. Қаланың қақ ортасында көпқабатты үйлердің төңірегінде жанаржағармай бекеттерінің орналасуына қатысты Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасындағыларға талап барын мәлімдеді .

Дәурен Айдарбеков,Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы: «Бұйрық,  талаптар бар.Оны орындау қажет.  Түрғын үй мен жанаржағармай бекеттерінің арасындағы қашықтық  жобалау кезінде ескеріледі. Егерде құжат жиынтығы толық болмаса, рұқсат берілмейді».

Қалалық және ауылдық елді мекендер Техникалық регламентте сұйытылған табиғи газдардың, сондай-ақ сұйытылған көміртекті газдардың және тез тұтанатын сұйықтықтардың кешендері елді мекендердің тұрғын аймағынан тыс, тұрғын үй аудандарына қатысты желдің басым бағытының желдетілетін жағынан орналастырылуы тиіс деп анық жазылған.

Шынар Оразова