Түркістанда мерекелік «Шабыт» жастар шеруі өтті

178

Есім хан алаңында 1 маусым – Халықаралық балаларды қоғау күніне арналған «Шабыт» шеруі өтті. Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің үшінші шеруіне саз, өнер мектептері, колледж студенттері мен қала мектептерінен 3000-ға жуық оқушы қатысты.

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бағытындағы шара мақсаты – дәстүрлі ұлттық тәрбиені ұлықтау, ата мен әже институтын дәріптеу.

«Балаларымыздың мерейі үстем болса – мемлекетіміздің мәртебесі қашанда биік», – деген облыс әкімінің орынбасары М.Отарбаев балаларға жеңіс пен бақыт тілейтіндігін жеткізді. Түркістан облысындағы барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін акцияның маңыздылығы орасан екендігін де назардан тыс қалмады.

Шеру жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Балалық шақ мейрамына есте қаларлықтай көрініс берген кешті ата-аналар, мәдениет пен спорт өкілдері ерекше ықыласпен тамашалады.