Төле би ауданында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Соның бірі «Ғайып ерен, Қырық шілтен» мінәжәт орны. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында зиярат етуші туристерге қолайлы болу үшін 200 адамға арналған қонақ үй салынған. Ғимараттың құрылыс құны 100 млн. теңгені құраған.
Келушілерге жағдай жасалып, таңғы және кешкі тамақтануы, жатын орындары ұсынылады. Бағасы да демалушылардың қалтасын қақпайды. Осындай үлгідегі сервисті дамытып, жағдай жасалса туристер ағылып келеді дегенді алға тартты жауаптылар.
Ғалымжан Кенжебек