Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын департамент құрылды

640

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің құрылуына байланысты, ҚР ДСМ ҚДСК Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен ҚР ДСМ Фармация комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қосу жолымен «Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» болып қайта ұйымдастырылды.

Департаменттің басшы лауазымына осы күнге дейін Қоғамдық денсаулық сақтау департаментін басқарып келген Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлы бекітіліп, Фармация департаментінің басшысы қызметін атқарып келген Қашқымбаева Ләззат Рсымбекқызы қайта құрылған департамент басшысының фармацевтикалық қауіпсіздік саласы бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Сонымен қатар, осы күнге дейін қоғамдық денсаулық сақтау саласының басшы орынбасарлары қызметін атқарған Избасарова Арапкүл Өскенбайқызы басшының медициналық қызмет қауіпсіздігі саласы бойынша орынбасары, ал Қосалиев Алмат Ералыұлы басшының санитариялық-гигиена саласы бойынша орынбасары болып қайта тағайындалды.

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Д. Қонаев даңғылы, 27 үй мекен-жайында орналасқан. Департаменттің жұмысы барысында туындаған сұрақтарыңыз болса, 8 (7252) 30-03-04 нөміріне қабылдау бөліміне хабарласуға болады.