Жалақысы 300 мың теңгелік жұмысқа шақырған алаяқ құрықталды

156

Күдікті өзіне тиесілі ұялы телефоны арқылы Ғаламторда «ОЛХ» парақшасының жұмыспен қамту бөлімінде Атырау, Созақ қалаларына вахталық түрмен 200 000 – 300 000 теңгелік жұмысқа шақыруды орналастырады. Ал, жәбірленушілер болса, алаяққа сеніп, хабарласып, сұраған ақшасын аударады.

Осылайша алаяқтығын іске асырған күдікті Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қолға түсті. Қазіргі таңда, осы сияқты интернет-алаяқтарымен күрес жүйелі түрде жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, Түркістан облысы аумағында 2019 жылғы 11-12 маусым аралығында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу. Зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, порнографияны, оның ішінде порнографиясын дайындайтын және тарататын, сондай-ақ суициалды бағыттағы ойындарды, Интернет желісіндегі өзге де заңбұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау.

Сондықтан Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға, осындай алақтардан сақтаныңыздар деп кеңес береді. Карта есепшотыңыздың мәліметін, ПИН-кодын ешкімге бермеңіздер. Белгісіз телефондарға ақша аудармаңыздар. Интернет арқылы сауда жасағанда анық-қанығын біліп алыңыздар. Өз кезегінде, мұндай қылмыс түрін жасаған адам заң алдында жауапқа тартылады.