Арыс қаласында болған жарылыстардан зардап шеккендердің алғашқы легі тез арада Шымкенттегі №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, зардап шеккендердің қарасы 10 адамға жуықтайды, олардың қазір үшеуі ауыр жағдайда.
«Адамдар қазірдің өзінде келіп жатыр, оларды қабылдаймыз және дереу қажетті көмек көрсетеміз. Біз зардап шеккендерді қабылдауға дайынбыз», — деді Шымкент қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай.