Жарылыстан зардап шеккендерге шымкенттіктер заттай ғана емес, қан тапсырып та қол ұшын созып жатыр. Қан орталығына ағылып жатқан халық саны кешелі бері 3 есеге артқан.
Әдетте кешке 17:00-ке дейін жұмыс істейтін орталықтың есігі бүгінде 21:00-ге дейін ашық. Өйткені жарылыстан зардап шеккендерге қанын бергісі келетіндерді қабылдап үлгеретін емес. Жай күндері орталыққа 50 адам келсе, қазір олардың саны 115-ке жеткен.
Бүгін түске дейін қан тапсыруға 100 адам кезекке тіркелді. Қаланың бір топ ерікті жастарымен қатар журналистер де бұл іске қолдау білдірді.
Орталықтың қан қоры жеткілікті. Дегенмен,ел басына күн туғанда шет қалмаған шымкенттіктердің бірлігіне тәнті болған дәрігерлер қан тапсыруға ниет білдіргендердің әлі де көп екенін айтады. Ауруханаға түскен балалардың халі дұрысталды деп сендіреді дәрігерлер.
Нұрлан Сұлтанбек