Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, «Оңтүстік» АИО және «Палантрейд» компаниясы бірлесе отырып, Арыс қаласындағы жарылыстан жапа шеккендерге көмек көрсетті.
Аталған мекемелер арыстықтарға 4000 дана бұқтырылған ет жөнелтті. Сондай-ақ оқиға орнына жанар-жағармай толы көлік аттандырды.