ҚР Президенті сайлауына денсаулығына байланысты, үйінен шықпай-ақ дауыс берген қариялар аз болған жоқ. Сайлау учаскесіне келе алмаған қарттардың үйіне жәшікті арнайы апарып, таңдау жасауға мүмкіндік беріліп жатыр.
Осындай мүмкіндікке ие болғандардың бірі – Ж.Ералиев ауылдық округінің тұрғыны Үрбиша Ералиева да өз таңдауын жасап, учаске мүшелеріне ақ батасын жаудырды.