фото Sputniknews.kz.

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жолмен телефон жымқырған деген күдікпен азаматты ұстады. Ол көрші үй тұрғынының сеніміне кіріп, ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, белгісіз бағытта қашып кеткен.

Тергеу барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен күдікті азамат анықталып, Еңбекші АПБ-на жеткізілді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен «Бұзақылық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір алаяқтық жайттары жиілеп кеткенін айта кету керек. Қазіргі таңда азаматтарымыз алдаудың қарапайым ғана тәсілдерінің құрбаны болып отыр. Алаяқтар ең әуелі кісінің сеніміне кіруді көздейді.