Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласының әкімдігінде өткізуді бастады.
«Мен осында 1 ай болып, құрылысты күнде басында тұрып қадағалаймын. Егер қай аудан ұйымдастыра алмаса жауаптысын жұмыстан босатамын. Ал жауапты облыстар салғырттық танытса Үкімет басшысына мәлімдеймін. Халықтың мұқтажын жедел шешуіміз керек», — деді Ө.Шөкеев.
Жиынға өңірдегі құрылым басшыларынан бөлек, республиканың барлық облыстың өкілдері қатысуда.