Созақ АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында түнгі уақытта ауласында орналасқан сарайдың есігіндегі құлпын белгісіз азамат бұзу арқылы кіріп, сарай ішіндегі құны 7000 теңге болатын қазаны мен 8000 теңге болатын тоңазытқыш радиотарын жасырын ұрлағанын көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 15 000 теңгені құрайды.
Аталған жайт АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне енгізілді. Келесі жәбірленушінің арызында, үйінің жанындағы сарайдан қайрағыш құралын белгісіз біреулер жымқырып кеткендігі көрсетілген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 20 000 теңгені құрайды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеледі. Қылмыстардың ізін суытпай ашу мақсатында аудандық тәртіп сақшылары күдіктіні жедел іздестіруге кіріседі. Созақ АПБ-і қызметкерлерімен жүргізілген профилактикалық жұмыстар барысында күдікті ұсталады. Яғни, полицейлер бірден ауылдағы бұрында ұрлық жасап, жауапқа тартылған тұрғынның үйін тінту барысында айғақты заттарды тауып, тәркілейді. Күдікті тергеу бөлімшесіне жеткізілді. Жасаған қылмыстарын толық мойындаған ол ҚР ҚПҚ-нің 131-бабының талабына сай қамауға алынды. Бас шарасы. «Қамауға алынып, кепіл түріне ауыстырылды».
Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға ұрылардан сақ болуды ескертеді. Әсіресе, тұрғын-үй, пәтерге ұрлыққа түсетіндерден сақ болыңыздар. Үйлеріңізге бейнебақылау орнатып, қауіпсіздік шараларын жасаңыздар. Сыртқы есіктеріңізді темірден жасатып, терезелеріңізге темір тор орнатыңыздар. Мұның барлығы өз кезегінде ұрылардың арам пиғылын іске асыруға жол бермейді.