Үйлері жарамай қалған тұрғындар Арыс қаласындағы мектепті паналап отыр

230
Арыс

Арыста қаланың қазіргі жай-күйіне байланысты арнайы брифинг өтті. Үйлеріне оралған тұғындардың да хәл-жағдайы жаман емес.

Арыс қаласында енді жаңа өмір басталмақ. Тұрғындар тек өздеріне сенеді, бірақ билік өкілдерінен үлкен көмек күтіп отыр. Арыс қазір 17 секторға бөлінген, қаланы бүкіл ел болып көтермекші.

Резниковтар отбасы әскери бөлімшедегі жарылыс орын алғанда үйінде болған. Дүрсілдеген дауысты ести салысымен сарайындағы жер асты қоймасына жасырыныпты.

Міне мына үй жарылыстан толығымен зардап шеккен. Дәл қазір біз оқ-дәрі түскен бөлмеде тұрмыз. Мына жерде қарасыңыздар үй қабырғасында оқ-дәрінің қалдығын да көруге болады.

Бұл үйды қалпына келтіру жұмыстары да басталып кеткен. Баспана 10 сектордың аймағына кіреді. Құрылыс жұмыстарына жауапты Шымкент қаласының әкімдігі.

Арыс қаласының қазіргі жай-күйіне байланысты арнайы брифинг өтті. Қалада тұрғылықты тіркелгген әр тұрғынға 100 мың теңге көлемінде көмек үлестірілетін болады.

Үйлері тұруға жарамай қалған тұрғындар Арыс қаласындағы мектепті паналап отыр. Қазір мұнда 57 отбасы тіркелген. Әлі де келіп жатқандар бар.

Олжас Айдарбек