Өмірзақ Шөкеев: «Банктер Түркістанда жұмыс істегісі келмейді»

198
Шөкеев, Түркістан, банк

Түркістан облысының қарапайым заттар экономикасына ұсынған жобалардың ішінен 129 млрд теңгеге 6-ы мақұлданған. Бұл жағынан алда тұрғанымызбен, түйіні тарқамаған мәселелер де бар. Екінші деңгейлі банктердің Түркістанда филиал ашқысы келмейді. 9 бірдей банк өкілдерімен кездесіп, келіссөз өткізгенімен ешқайсысымен келісімге келе алмапты.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі: «Жарайды, Түркістанға бармай-ақ қойсын. Сол бойынша тапсырма берсеңіз. Сосын АКК бойынша жұмыс нөл. Бізде банк стандарты бойынша 480 жоба бар. Соған көңіл бөлсе олар».

Егер осылармен жұмыс істейтін болсақ, жобалардың санын еселеп көбейтеміз деген облыс басшысының сөзін ести салысымен Үкімет басшысы бірден өз тарапынан тапсырма берілетіндігін айтып, сөзін «банктермен сөйлесеміз» деп қорытындылады.

Меруерт Ахан