Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес бір реттік әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы отбасының табысы орташа есеппен 2 АЕК-тен яғни, 5050 теңгеден аспаған жағдайда 40 АЕК мөлшерінде яғни, 101 000 теңге жазғы кезеңде шілде және тамыз айларын қоса алғанда төленеді.
«Бала күтімі 3 жасқа дейінгі жалғыз басты аналарға, яғни, Форма 4 cанатындағылар.
— Отағасы жұмыс жасаған жағдайда 5050 теңгеден жан басына шаққанда табысы аспауы керек.
Ажырасқан жағдайда алимент құжаты алдыңғы 3 ай немесе іздеуде деген жағдайда.
Жұмысқа жарамсыз болған жағдайда анықтама сұратылады (дәрігерден).
Ескертпе: Табыс көзіне есептелмейтіндер
1. Алтын және Күміс алқа иегерлері 16160 теңге
2. 4-5 баласы бар көп балалы отбасыға 10504 теңге
3. Шәкіртақы 16000 – 20000 теңге
4. Бала мүгедегінің 40000 теңгесі есептелмейді.
Табыс көзіне есептелетіндер:
1. Асыраушысынан айырылған жәрдемақы
2. Жасына толғанға дейінгі жәрдемақы
3. Зейнетақы
4. Айлық көрсеткіш табысы
5. Алимент
6. Өздігімен жұмыспен қамтылғандарға ең төменгі жалақы 42500 теге есептеледі.
Бұл бір реттік көмек жалғыз басты 3 жасқа дейінгі бала күтімінде отырған аналарға және жұмысқа жарамсыз отбасыларға беріледі.