Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны И.Б. туған қызына алимент төлемей, сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл төлейтін болды. Екі жылдан бері туған перзенті алдындағы әкелік парызынан жалтарып жүрген әке Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 669-бабымен айыпты деп танылды. Оған осы баппен әкімшілік жаза түрінде 12 625 тенге айыппұл салынды.
Сот мәжілісінде істі қарау барысында белгілі болғаны Шымкент қаласының Енбекші аудандық сотының 11.08.2017 жылғы атқару парағына сәйкес құқұқ бұзушы И.Б. табысының ¼ бөлігін С.А-ның пайдасына кәмелетке толмаған қызын асырау үшін төлеуге тиіс болған. Алайда И.Б. өз қызына алимент төлемей келген. «Сот актісін орындау жөнінде бірнеше рет ескертулер берілгенімен И.Б. көрсетілген актіні орындамағаны анықталған.
Сотта түсінік берген құқық бұзушы И.Б. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін айтты,»-деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енбеген.