Арысқа қатысты жалған ақпарат таратқан әйел көпшіліктен кешірім сұрады

265

Арысқа қатысты жалған ақпар таратқандардың бірі анықталды. Ішкі істер органы қызметкерлері ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 274 бабының 1 тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы тәуліктер бойынша аталған баппен 4- дерек тіркеліп отыр. Жалған ақпарат таратып елді дүрліктірген әйел көпшілік алдына шығып кешірім сұрады.

Әзірге бұл азаматшаның қандай жазаға тартылатыны белгісіз. Еліміздің Ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларын сұрайды.

Мақпал Рысбаева