Арыс қаласында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

410
Арыс қайырымдылық жәрмеңке
Арыс, қайырымдылық жәрмеңке

Арыстың бүгінгі тіршілігі қыз-қыз қайнаған. Оны орталық алаңдағы мына жәрмеңкеден — ақ байқауға болады. Арзан бағамен сатылып жатқан азық-түлік дәл қазір апаттан абдырап қалған арыстықтарға елеулі көмек болып тұр.

Бұл жәрмеңкеге облыстың барлық аудандарының шаруалары атсалысты. Ағайынның басына іс түскенде жеке пайданы да ысырып қойған кәсіпкерлер өнімді өз бағасына сатып жатыр.

Сәбит Ырысбеков, Қазығұрт ауданын келген шаруа: «Арыс біз біргеміз» атты жәрмеңкенің біз де бір қатысушысы болайық деп, өз үлесімізді қосайық деп, еттерімізді арзан бағада алып келіп отырмыз. Базар нарқы бойынша 30-40 пайызға арзан бағада сатып жатырмыз. 950 теңгеге сатып жатырмыз сүйегімен. Сүйексіз ет 1500 теңгеден»

Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауар өндірушілердің 180 тоннадан астам азық-түлігі әкелінген. Сауда көрмесіне жеткізілген ет өнімдерінің жалпы көлемі — 22,5 тонна болса, 54,5 тоннасы көкөністі құрайды. Сонымен қатар, сауда сөрелеріне сүт, балық, әсел, бақша өнімдері мен жеміс-жидектертер қойылды.

Тұрғанбек Оспанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: «18 ірі кәсіпорындар тауарларын әкеліп отыр. Бұл жерде бәрі 30-50 жеңілдетілген бағада сатылып жатыр». »

Арыста тұрғындарға арналған дәл осындай сауда-саттық алдағы уақытта да ұйымдастырылады. Дәл осы күні Арыста жаппай сенбілік өтті. Тазалық шарасына тек жергілікті тұрғындар ғана емес күллі Түркістаннан еріктілер қатысты.

Айя Мүтәлі