Арыс қаласының 8-ші секторына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен келді. Қазіргі таңда мұнда жарылыстан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға Шығыс Қазақстан облысы мен Мақтаарал ауданы жауапты.

Бүгінгі таңда 8-ші секторға қарасты 5 үйдің құрылысы қайтадан басталып, 201 үйге жөндеу жұмыстары жасалуда. Ол үшін Шығыс Қазақстан облысынан 10 құрылыс компаниясы келіп, барлығы 370 маман құрылыс жұмыстарына тартылған.