Арыстағы оқ-дәрі қауіпсіз аймаққа апарып жойылатын болады

447

Жарылыс дауысын естігенде қорықпаңыз. Арыс қаласының территориясындағы оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстары басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев мәлімдеді.

Арыста қала мен іргелес аумақта және тікелей әскери арсенал орналасқан жерде жұмыс істейтін 42 мобильдік топ құрылған. Соның ішінде жергілікті тұрғындардан түскен қоңырау бойынша жұмыс істейтін топ та бар. Бүгінгі дейін апат болған аймақтан 30 мыңнан астам снаряд қалдықтары табылған. Енді оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстары басталды.

Оқ-дәрілерді жою кезеңінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды. Сондықтан қоғаныс министрінің орынбасары жарылыс даусын естіген кезде тұрғындарға үрейге бой алдырмауды ескертті.

«Қарулы Күштердің инженерлік әскерлер бөлімшелері жұмыс күндері 9:00- ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бастапқы құжаттарға сәйкес, тасымалданбайтын оқ-дәрілердің фрагменттері арсенал аумағында жойылады, ал қалған оқ-дәрі қалдықтары Арыс қаласынан солтүстікке қарай апарылатын болады және белгіленген тәртіппен алдын-ала оқ-дәрілермен айналысатын арнайы жабдықталған полигонда жойылады»

Сондай-ақ, спикер халықтың үрейге түспеуін сұрайды.

«Оқ-дәрілерді жою кезеңінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды»,- деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.

Олжас Айдарбек